Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Агенттік төрағасы Дархан Жазықбайдың төрағалығымен адамға бағдарланған сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және саланы бюрократиядан арылту мәселелері жөнінде отырыс өтті. Жиынға орталық мемлекеттік органдардың жауапты қызметшілері қатысты.
Отырыста Агенттік төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сервистік мемлекеттік аппарат қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында заңнамаға енгізілген өзгерістер, клиентке бағдарлану және формальды негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға жол бермеу қағидаттарына тоқталды. Сонымен қатар Заңда қызметтерді Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізген күннен бастап үш ай ішінде олардың көрсетілу қағидаларын әзірлеу және бекіту міндеті көзделгенін атап өтті.
Кездесуде мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын заңнама талаптарына сәйкестендіру, қабылданбаған нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және қызмет көрсету процестеріне жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері қаралды.
Жиын қорытындысында мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін оңтайландыру, цифрландыру және азаматтар үшін қолжетімділікті арттыру бағытында нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар айқындалды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









