📚 ЖАЛҒАМАЛЫ (АГГЛЮТИНАТИВТІ) ТІЛ

    📚 ЖАЛҒАМАЛЫ (АГГЛЮТИНАТИВТІ) ТІЛ

    📝 Жалғамалы тіл – сөз түбіріне әртүрлі қосымшалардың бірінен кейін бірі жалғануы арқылы грамматикалық мағына білдіретін және жаңа сөз тудыратын тіл түрі.

    🇰🇿 Қазақ тілі – агглютинативті тілдердің бірі. Оның басты ерекшелігі – әрбір қосымшаның белгілі бір грамматикалық мағына білдіруі және сөз түбірінің бастапқы қалпын сақтауы.

    🔎 Мысалы:
    Бала + лар + ымыз + ға = балаларымызға
    Бұл сөздегі қосымшалардың әрқайсысы жеке мағынаға ие:
    * -лар – көптік мағына;
    * -ымыз – тәуелдік мағына;
    * -ға – барыс септік мағынасы.

    💡 Демек, қазақ тілінде қосымшалар сөз түбіріне белгілі бір тәртіппен, бірінен кейін бірі жалғанады.

    ✨ Тіл – ұлттың қазынасы, ал оның құрылымын тану – тілге деген құрметтің белгісі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" жаңалықтары