4–5 желтоқсан күндері Ақтөбе қаласында қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеуге және этнотуризмді дамытуға бағытталған «Сыбаға» ұлттық дәстүрлер фестивалі өтеді.
Екі күнге жоспарланған фестиваль аясында ұлттық тағамдар байқауы, дәстүрлі ойындар, заманауи дизайнерлердің сән көрсетілімі және мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Фестивальдің басты мақсаты – қазақ халқының бай мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық құндылықтарды жаңғырту және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
Іс-шара қала тұрғындары мен қонақтарына қазақ халқының салт-дәстүрімен, ұлттық асханасымен және өнерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.
«Сыбаға» фестивалі өңірдің туристік әлеуетін танытуға, этнотуризм мен оқиғалы туризмді дамытуға, сондай-ақ ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









