ЖЫЛЫЖАЙ: КЕНТАУЛЫҚ КӘСІПКЕР ЖЫЛЫНА 20 ТОННАДАН АСТАМ ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНДІРЕДІ

    1 / 2
    Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Соның бірі – «Абдашим» шаруа қожалығы. Кәсібін шағын үй іргелік диқаншылықтан бастаған шаруа иесі бүгінде бір гектар аумақта заманауи үлгідегі жылыжай шаруашылығын жолға қойған. Кореялық технология негізінде салынған жылыжайда жылына екі рет өнім алынады. Көктем мезгілінде қызанақ пен қияр өсірілсе, күзгі маусымда қырыққабат егіледі.
    Бүгінде жылыжайда 10-ға жуық жұмысшы тұрақты еңбек етеді. Ал өнім жинау науқаны кезінде қосымша жұмыс күші тартылады.
    Кәсіпкердің сөзінше, қазіргі таңда жылыжайда күзгі қырыққабат пісіп, гектарынан шамамен 20-25 тонна қырыққабат жинау жоспарлануда.
    Жиналған өнім Кентау және Түркістан қалаларындағы сауда орындарында саудаланады. Сонымен қатар, кәсіп иесі өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында қосымша 3 гектар жерге жылыжай салу жұмыстарын қолға алған.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының әкімдігі" жаңалықтары