Су шаруашылығы комитетіне жаңа төраға орынбасары тағайындалды.

    Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары болып Үтелов Сағи Мұрасұлы тағайындалды.

    Комитет ұжымына жаңа орынбасарды Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ж. Салимов таныстырды.

    Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Сағи Үтелов Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы құрылыстарын дамыту департаментін басқарған.

    Таныстыру барысында алдағы жұмыстың негізгі бағыттары мен саланың өзекті міндеттері айқындалды. Әсіресе су ресурстарын тиімді басқару және еліміздің су шаруашылығы жүйесін одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Комитет ұжымы Сағи Мұрасұлын жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, алдағы кәсіби қызметіне табыс тілейді!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті" жаңалықтары