Отырар ауданында «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» өтті

    1 / 4
    Отырар ауданында тұрғындардың өрт қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» акциясы өтті.
    Акцияның мақсаты — тұрғындардың, әсіресе балалардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәдениетін арттыру және тұрмыста өрттің алдын алу.
    Іс-шараға Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, Отырар ауданы әкімінің орынбасары Тоқсейіт Елекеев қатысты. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, «ҚазГазАймақ» және газ инспекциясының мамандары жұмылдырылды.
    Акция барысында тұрғын үйлер араланып, өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, жадынамалар таратылды. Әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйлеріне *улы газды анықтайтын датчик құрылғысы орнатылды.*
    Мамандар газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, пеш пен электр құрылғыларын дұрыс қолдану және өрт шыққан жағдайда «101» және «112» нөмірлеріне хабарласу тәртібін түсіндірді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Қоғам ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары