ШЫМКЕНТТЕ 27 ҚАРАША КҮНІ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

    27 қараша күні Шымкентте халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған республикалық «Халық заңгері» акциясы өтеді.

    Іс-шара Shymkent Plaza сауда-сауық орталығының 1-қабатында (Әл-Фараби алаңы, 3/1), сағат 16:00-де басталады. Акция аясында тұрғындар құқықтық мәселелер бойынша білікті мамандардың кеңесін тегін ала алады.

    Азаматтарды жергілікті атқарушы органдардың басшылары, аумақтық және құқық қорғау органдары, прокуратура, адвокатура, нотариат өкілдері, сондай-ақ, заң саласының басқа да мамандары қабылдайды.

    Қала тұрғындары мен қонақтарын өзекті мәселелер бойынша кәсіби құқықтық көмек пен кеңес алу мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының әкімдігі" жаңалықтары