ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

    Жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді әрекет» атты халықаралық акциясы өткізіледі.

    Акцияның басты мақсаты тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау және қоғамда зорлық- зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру.

    Осы акция аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері тиісті мекемелермен бірлесіп, түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізіп, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсетеді.

    Есіңізде болсын, зорлық-зомбылыққа үнсіз қалуға болмайды! Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, 102 немесе 111 нөміріне хабарласыңыз.

    Зорлық-зомбылыққа жол жоқ! Қауіпсіз отбасы - қауіпсіз қоғам!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының әкімдігі" жаңалықтары