🔐 Интернеттегі қауіпсіздік – әр адамның жауапкершілігі!
Ақмола облысындағы 517 мектептің 60 мыңнан астам оқушысы цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және киберқылмыстардың алдын алуға арналған ауқымды құқықтық-ағартушылық іс-шараға қатысты.
Іс-шара Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілінің бастамасымен құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесіне кіретін мемлекеттік органдармен бірлесіп ұйымдастырылды.
Интерактивті форматта, онлайн-платформаларды пайдалана отырып өткізілген кездесуге оқушылармен қатар олардың ата-аналары, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілінің жанындағы Сараптамалық кеңестің өкілдері және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік Рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшелері қатысты.
💻 Кездесудің негізгі тақырыптары: 🔹 Интернет-алаяқтықты анықтау және алаяқтардың арбауына түспеу жолдары; 🔹 Жеке деректерді, құпиясөздер мен растау кодтарын қорғау; 🔹 Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттардың қауіпсіздігі; 🔹 Күмәнді сілтемелердің, жалған сайттар мен оңай табыс туралы ұсыныстардың қауіптілігі; 🔹 Кибербуллингке қарсы тұру және интернеттегі қауіп-қатерлер туындаған жағдайда көмекке жүгіну жолдары; 🔹 Киберқұқық бұзушылықтар үшін заңнамада көзделген жауапкершілік.
Сонымен қатар ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілікке, ерте жүктіліктің алдын алуға, жасөспірімдердің психоэмоционалдық саулығын сақтауға ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында заңдылықты сақтау, азаматтар мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі, адалдық қағидаттары мен адам құқықтарын құрметтеу мәселелері де талқыланды.
Сондай-ақ қатысушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы № 1081 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен басым бағыттары түсіндірілді.
⚠️ МАҢЫЗДЫ!
Интернет қарым-қатынас жасауға, білім алуға және дамуға кең мүмкіндіктер береді. Алайда оның қауіп-қатерлері де аз емес. Күмәнді сілтемеге өту, жеке деректерді бөгде адамдарға беру немесе интернеттегі бейтаныс адамдарға сену елеулі зардаптарға әкелуі мүмкін.
🎯 Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың цифрлық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін арттыру, интернеттегі қауіп-қатерлерді дер кезінде тануға, өз құқықтары мен жеке деректерін қорғауға және интернетті жауапкершілікпен пайдалануға үйрету.
Қауіпсіз интернет – құқықтық сауаттылықтан, саналы таңдаудан және әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады!
#ҚұқықтықСағат #АқмолаОблысы #Киберқауіпсіздік #КиберқылмыстыңАлдынАлу #ҚауіпсізИнтернет #БалалардыҚорғау #ҚұқықтықСауаттылық #АдамҚұқықтары #АдалАзамат #ЕркіндікРухы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









