ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҚ: ӨҢІРДЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

    ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҚ: ӨҢІРДЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

    1 қарашадан бастап облыстың азаматтық қорғау күштері мен құралдары жоғары дайындық режиміне көшірілді. Төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін 1 843 адам мен 753 бірлік техникадан тұратын топ жасақталды.

    Жолдарды қысқы күтіп-ұстауға 19 мың тоннадан астам құм мен 7,5 мың тонна тұз әзірленді. Сонымен қатар, облыс бойынша жалпы сыйымдылығы 11 мыңнан астам адамды құрайтын 172 жылыту пункті және 7 мыңнан астам автотұрақ орны дайындалды.

    Автомобиль жолдарында жалпы ұзындығы 324 шақырымды құрайтын 112 қар басу қаупі бар учаске анықталды. Қолайсыз ауа райы кезінде қозғалысты шектеу үшін 20 стационарлық және 17 тасымалды шлагбаум әзірленді.

    Мамандар тұрғындарға алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамы мен жолдардың жағдайын тексеріп, көліктің техникалық дайындығына назар аударуды ескертеді. Қозғалысқа шектеу қойылған жағдайда жолға шықпау және ресми хабарламаларды күту қажет.

    Облыстық жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Қысқы кезеңдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары тұрақты бақылауда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары