Астана қаласы бойынша ҰҚК Департаментінің ТҚО басқармасы, ПД және ТЖД өкілдерімен бірлесіп учаскелік сайлау комиссиялары төрағалары мен учаскелер орналастырылған нысандардың басшыларына нұсқаулықтар жүргізді. Іс-шаралар мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық аясында алты ауданның әрқайсысында бөлек өтті.
Негізгі назар террористік қауіп-қатер туындаған кездегі алғашқы әрекет ету мәселелеріне аударылды. АТЦ басқармасының өкілдері қатысушыларға адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және уәкілетті қызметтермен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға бағытталған қысқаша әрекет алгоритмін жеткізді. ТЖД өкілдері сайлау кезеңінде өрт қауіпсіздігін сақтау мәселелерін түсіндірді. Сайлаушылардың, сайлау комиссиялары мүшелерінің және сайлау процесіне басқа да қатысушылардың нысандарда болуына қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге баса назар аударылды.
Өз кезегінде, ПД өкілдері террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғанысына қойылатын талаптарды және оларды жауапты тұлғалардың сақтау мәселелерін атап өтті. Әрбір ауданда нұсқаулық жүргізу сайлау комиссиялары төрағалары мен тиісті объектілер басшыларын қауіпсіздік мәселелерімен қамтуға мүмкіндік берді. Мұндай жұмыс жауапты тұлғалардың қауіп-қатер туындаған кезде әрекет етуге дайындығын арттыруға және мәслихат депутаттарының сайлауын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Материалды ҚР ҰҚК Астана қаласы бойынша Департаментінің ТҚО басқармасы дайындады
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









