2026 жылғы 24–25 қараша күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша 5–6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық) кезеңі әр аудан орталықтарындағы трек мектептерде өтуде.
Олимпиаданың өткізілу кестесі:
24 қараша – 5 сынып оқушылары
25 қараша – 6 сынып оқушылары
Оқушылар келесі пәндер бойынша білімдерін сынайды:
Жаратылыстану
Математика
Орыс сыныбындағы қазақ тілі
Қазақстан тарихы
Ағылшын тілі
Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ сыныбындағы орыс тілі
Орыс тілі мен әдебиеті
Олимпиада – оқушылардың білімін шыңдап, логикалық ойлау қабілетін, пәндік сауаттылығы мен зияткерлік әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін маңызды білім додасы.
Барлық қатысушыларға сәттілік, жоғары нәтиже және жеңіс тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








