ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

    1 / 3

    2026 жылғы 12 қараша күні Ауыл мектептерінің 9–11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың III (облыстық) кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

    Биылғы олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 5230 оқушы, аудандық кезеңіне 4258 оқушы, облыстық кезеңіне 1108 оқушы қатысты. Нәтижесінде 469 оқушы жеңімпаз атанып, үздіктер қатарынан көрінді.

    Атап айтқанда:
    І орын – 63 оқушы;
    ІІ орын – 177 оқушы;
    ІІІ орын – 229 оқушы.

    Марапаттау рәсімінде жеңімпаздарға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Салтанатты шараға білім беру саласының өкілдері, жоғары оқу орындарының профессорлары мен құрметті қонақтары қатысты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының білім басқармасы" жаңалықтары