АЙҚАНАТ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ!
Жетісу облысының 8 ауданынан ауыл мектептерінің 8-сынып оқушылары Республикалық «Айқанат» олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысты!
Биылғы білім додасында өңіріміздің 2 510 оқушысы бақ сынап, өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті. Бұл — ауыл балаларының үлкен арманға, жарқын болашаққа және сапалы білімге жасаған маңызды қадамы.
«Айқанат» — жай ғана олимпиада емес, ауыл балаларының мүмкіндіктерін ашып, армандарына қанат бітіретін үлкен білім жолы!
Әрбір қатысушыға сәттілік, сенімділік және жоғары нәтиже тілейміз! Білімдеріңді дәлелдеп, биік белестерді бағындырып, армандаған мектептеріңе жолдама алуларыңа тілектеспіз!
Қанаттарың талмасын, жас талапкерлер! Армандарың асқақ, қадамдарың нық болсын!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









