Қазақстан Президентінің 2026 жылғы Жолдауында цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту елдің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындалды. Бұл бастама экономиканы жаңғыртуға, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.
Мемлекет басшысы атап өткендей, қазіргі заманда технологиялық өзгерістерге бейімделу – уақыт талабы. Осыған орай, 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау еліміздің цифрлық дамуына жаңа серпін беретін болады.
Жолдауда жасанды интеллектіні түрлі салаларға енгізу, цифрлық экономиканы дамыту, білім беру мен ғылымды трансформациялау, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жол саласын цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылған.
Әсіресе, білім беру мен ғылым саласында заманауи технологияларды кеңінен қолдану, жасанды интеллект құралдарын меңгерген білікті мамандар даярлау маңызды. Бұл еліміздің адами капиталын нығайтып, жастардың жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуіне жол ашады.
Сонымен қатар цифрлық шешімдер мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын арттырып, азаматтар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ал жол саласындағы цифрландыру инфрақұрылымды тиімді басқаруға, қауіпсіздікті күшейтуге және көлік қозғалысын оңтайландыруға ықпал етеді.
Жасанды интеллект – тек технологиялық жаңалық емес, ол экономикалық өсудің, ғылыми дамудың және қоғамның жаңа мүмкіндіктерге бейімделуінің маңызды құралы. Сондықтан Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді жүйелі жүзеге асыру Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, цифрлық мемлекет қалыптастыруға негіз болады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








