Мемлекет басшысы Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебайды қабылдады

    Мемлекет басшысы Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебайды қабылдады
    ⚖️ Заң шығару қызметі
    - 18 заң қабылданды, 38 заң жобасы қаралуда.
    - Жаңа Азаматтық кодекс әзірленіп, әлеуметтік салада бірқатар заңнамалық бастама пысықталып жатыр.
    🏬 Өңірлерді дамыту
    - 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджетте 52 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға қосымша 47 млрд теңге қарастырылды.
    - Қаражат коммуналдық желілерді жаңғыртуға және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталады.
    💻 Цифрландыру және парламенттік бақылау
    - Заң жобаларын талдау, құқықтық қайшылықтар мен ықтимал тәуекелдерді анықтау үшін e-Quryltai жүйесі және жасанды интеллект технологияларын енгізу жалғасып жатыр.
    🧑‍💻 Халықпен кері байланыс
    - Әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша 111 депутаттық сауал жолданды.
    - Азаматтардың өтініштері заңнамалық бастамаларды әзірлеу кезінде ескеріледі.
    📑 «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру
    - 2026–2031 жылдарға арналған 303 іс-шараны қамтитын Жол картасы әзірленді.
    - Партияның қоғамдық қабылдауына түскен 14 мыңнан астам өтініштің 8,3 мыңнан астамы оң шешімін тапты.
    - «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 12 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетілді.
    🗂 Партиялық бақылау
    - 300-ге жуық әлеуметтік инфрақұрылым нысаны тексеріліп, анықталған кемшіліктердің 80%-ға жуығы жойылды.
    - «Әділет.365» цифрлық жүйесі іске қосылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Қазалы ауданы Мұратбаев ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары