2–4 желтоқсан аралығында Астана қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан ҚР ІІМ чемпионаты өтеді.
Абай облысы Полиция департаментінің құрама командасы республикалық жарысқа қызу дайындық үстінде.
Дайындық барысында Полиция департаменті бастығының дене шынықтыру және спорт жөніндегі көмекшісі, полиция подполковнигі Р.Н. Темірханов спортшыларға «ARLAN» спорт клубының мүшелік куәліктерін табыстады.
Күш, төзімділік, тәртіп және жеңіске деген жігер — біздің спортшыларымыздың басты қасиеттері!
🇰🇿 Спортшыларымызға сәттілік тілейміз! Абай облысының абыройын асқақтатып, жеңіспен оралыңыздар!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









