Шахтинск қаласында қала әкімінің тұрғындармен кездесуі өтті

    1 / 12

    Кездесу барысында 2026 жылдың 10 айындағы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша есеп беріліп, атқарылған жұмыстар мен 2027 жылға арналған жоспарлар таныстырылды.

    Тұрғындар аулаларды абаттандыру, балалар ойын алаңдарын жаңарту, қалалық футбол клубын құру, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға арналған контейнерлік алаңдарды жабдықтау, көшелерді жарықтандыру, жолдарға асфальт төсеу, жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеу және автобус аялдамасын орнату мәселелерін көтерді.

    Барлық айтылған сұрақтар мен ұсыныстар жұмысқа қабылданды. Олардың әрқайсысы бойынша мүмкін шешу жолдары пысықталатын болады.

    Тұрғындарды белсенді қатысқандары, сындарлы диалог орнатқандары және қаланың дамуына бейжай қарамайтын көзқарастары үшін алғыс білдіреміз.

    Кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдау өткізіліп, тұрғындардың жеке өтініштері қаралды.

    Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ" жаңалықтары