«ӨНДІРІСТІК ПАРК» АУМАҒЫНДА ЕКІНШІ КЕЗЕҢНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    1 / 8



    Сарыағаш ауданында өндіріс саласын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Осы мақсатта өндірістік парк аумағын кеңейту және инвесторларға қолайлы жағдай жасау жұмыстары қолға алынған.

    Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев өндірістік парк аумағына барып, екінші кезең аясында салынып жатқан нысандардың құрылыс барысымен танысты. Сонымен қатар, инвесторлардың жұмыс барысында туындаған мәселелері мен алдағы жоспарларын талқылап, тиісті сала басшыларына кәсіпкерлерге заң аясында қолдау көрсетуді және өзекті мәселелерді назарда ұстауды тапсырды.

    Қазіргі таңда өндірістік парк аумағында бірінші кезең бойынша салынған бес өндірістік ғимараттың құрылысы толық аяқталған. Аталған нысандарда өндірістік желілерді орналастыру, технологиялық құрал-жабдықтарды құрастыру және өндірісті іске қосуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

    Ал екінші кезеңдегі өндірістік ғимараттардың құрылыс жұмыстары жалғасуда. Бүгінде нысандардың темір конструкциялары орнатылып, сыртқы қаптау жұмыстары жүргізілуде.

    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары