Шахтинск қаласында тұрғын үй мәселелері бойынша «Қызмет алушылар күні» өтті

    1 / 8

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұсынысы бойынша 2026 жылғы 20 қарашада Шахтинск қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтті.

    Мемлекеттік қызметшілер қала тұрғындарына тұрғын үй мәселелері бойынша кеңес берді.

    «Отбасы банкінің» кеңестері ерекше қызығушылық тудырды. Оның маманы мұқтаж жандар тізіліміне қалай тұру керектігін және өз кезегінің мәртебесін қалай тексеруге болатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді, сондай-ақ қолданыстағы тұрғын үй бағдарламалары туралы айтты.

    Бұл күні барлығы 15 адам білікті көмек алды.

    Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ" жаңалықтары