2026 жылы 4 қараша Абай облысы Әділет департаментінің жұмыс жоспарын орындау мақсатында Найманбаев көшесі 139 үйінде орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» «мемлекеттік корпорациясы» «КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалының Семей қаласы бойынша және Жаңасемей ауданы АХАТ бөлімінің ғимаратында Абай облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары С. Галиева Д. Муратова «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалының мамандарына медициналық ұйымнан тыс жерде жеке басын куәландыратын құжаттарры жоқ анадан туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 187-бабын қолдану мәселелері тақырыбында семинар өткізілді.
Әділет департаментінің қызметкерлері медициналық ұйымнан тыс жерде, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ анадан туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу тәртібін түсіндірді. Жоғарыда көрсетілген норманы қолдану үшін төмендегі шарттар сақталуы тиіс:
- бала медициналық ұйымнан тыс жерде дүниеге келген;
-баланың анасының жеке басын куәландыратын құжаттары болмауы тиіс;
- анасы туралы мәліметтер жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорында болмауы тиіс;
- баланың анасы босанғаннан кейін бес тәулік ішінде босандыру ұйымына жүгінуі тиіс.
Сонымен қатар, АХАТ бөлімдерінің мамандары азаматтық хал актілер жазбаларының жоқтығы туралы жауаптарды жолдау тәртібімен таңыстырылды.
Семинардың мақсаты: мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін және тәртібін сақтау.
Семинар қорытындысы бойынша үнемі түсіндірме сипаттағы бірлескен іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылданды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








