Мүгедектік себебін өзгерту қағидалары
Медициналық-әлеуметтік сараптама барысында мүгедектіктің мынадай себептері және кәсіптік еңбекке қабілеттілікті жоғалту дәрежелері анықталады:
1) жалпы ауру;
2) еңбек жарақаты;
3) кәсіптік ауру;
4) бала кезінен мүгедектік;
5) жеті жасқа дейінгі балалардағы мүгедектік;
6) жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардағы мүгедектік;
7) қызметтік міндеттерді атқару, әскери қызмет өткеру, азаматтық немесе әскери ядролық объектілердегі авариялардың салдарын жою кезінде не ядролық объектілердегі төтенше жағдайлардың нәтижесінде алынған жаракаттар, мидың шайқалуы, зақымданулар немесе аурулар; сондай-ақ әскери немесе қызметтік міндеттерді атқаруға байланысты емес жазатайым оқиға салдарынан алынған жарақаттар; не әскери немесе қызметтік міндеттемелерді орындауға байланысты емес аурулар (бұл ретте, тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган тарапынан себеп-салдарлық байланыстың бар екендігі анықталған болуы шарт).
8 ) Төтенше экологиялық жағдайлардың (соның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі ради ациялық сәулеленуден және оның салдарынан туындаған жағдайлардың) нәтижесінде пайда болған мү гедектік. Мүгедектіктің осы себебін анықтау үшін, медициналық жағдай мен жоғарыда аталған себептер арасындағы себеп-салдарлық байланысты растайтын, уәкілетті орган берген анықтаманы алу қажет.
Қызметтік міндеттерін орындау барысында өндірістік жарақат алған және кәсіптік ауруға шалдыққан қызметкерге медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде кәсіптік еңбек қабілеттілігінен айырылудың (КЕҚА) мынадай себептері анықталады:
1) өндірістік жарақат (жазатайым оқиға туралы актіні жұмыс беруші береді);
2) кәсіптік ауру (кәсіптік ауру туралы қорытындыны уәкілетті орган — «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы береді).
Себеп-салдарлық байланысты растайтын құжаттар болмаған жағдайда, мүгедектіктің себебі «жалпы ауру» деп тағайындалады. Кейінірек, тиісті құжаттар алынған соң, мүгедектік себебін өзгертуге болады. Ол үшін тіркелген емханаңызға жүгініп, мүгедектік себебін өзгертуге қажетті жолдама беруді сұрау керек.
Сараптамадан өтіп жатқан адам мүгедектік себебін өзгертуді сұраған жағдайда, мұндай өзгеріс себептік байланысты растайтын құжаттар медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне ұсынылған жағдайда енгізілсе, мүгедектік себебінің өзгеру күні, себеп-салдарлық байланысты растайтын құжаттар медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне ұсынылған күннен бастап есепке алнады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









