Алға аудандық Мәдениет үйінде «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы аясында тұрғындарға арналған құқықтық қабылдау өткізілді.
Іс-шараны Алға ауданының прокуратурасы мен аудан әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.
Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Болатбек Кангужин, аудан прокурорының орынбасары Ардақ Тамабаев, бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, адвокаттар мен нотариустар қатысты.
Акция барысында тұрғындар өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша білікті мамандардан тегін кеңес алып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелерге ие болды.
Қабылдау кезінде азаматтардың өтініштері тыңдалып, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолдары түсіндірілді.
Аталған бастама халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың құқықтық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етуге және тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









