Жангелдин ауданында «Құпия сатып алушы» әлеуметтік жобасы аясында қоғамдық тыңдау өтті.

    1 / 2

    Жангелдин ауданында «Құпия сатып алушы» әлеуметтік жобасы аясында қоғамдық тыңдау өтті.

    Жангелдин ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын орындауаясында «Құпия сатып алушы» әлеуметтік жобасын іске асыруға арналған«Жастар рухы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қоғамдық тыңдау өтті.

    Қоғамдық тыңдалымғажобаға тапсырыс беруші мекеменің өкілдері, аудандық әкімдік бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ аудан әкімдері қатысып, қоғамдық бақылау мен қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды бірлесе пысықтады.

    Қоғамдық тыңдау барысында «Құпия сатып алушы» жобасының жүзеге асырылу барысы, негізгі міндеттері мен тәртібі жан-жақты талқыланды.Қатысушылар жоба аясында атқарылатын мониторинг тетіктері, анықталған мәселелер бойынша өзара іс-қимыл және халыққа көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен сапасын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударды.

    Сонымен қатарқоғамдық бірлестік тарапынанжиын аясында тұрғындар мен жауапты құрылымдар арасында түсіндіру және ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп, жобаның мақсаты мен нәтижелері кеңінен баяндалып, нәтижесінде қызмет көрсету мекемелеріне ұсынымдар жолданатын болатындығын атап өтті.

    Өткізілген қоғамдық тыңдау әлеуметтік жобаның тиімді іске асуына, жауапты мекемелердің үйлесімді жұмысына және қоғамдық кері байланысты нығайтуға серпін береді - деген ойдамыз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жангелдин ауданының әкімдігі" жаңалықтары