«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Аққұдық ауылдық округінде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Туған өлкенің тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және ауыл келбетін көркейту мақсатында өткен игі шара барысында ауыл тұрғындары ортақ іске жұмылып, елді мекеннің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Тазалық – мәдениеттің айнасы, туған жерге деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі. Осындай игі бастамалар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, елжандылық пен бірліктің үлгісін көрсетеді.
Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ міндет. Таза ауыл – жарқын болашақтың кепілі! 🌱
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







