Атырау облысында «Zero Waste» жобасы аяқталды

    1 / 6

    Атырау облысында тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды қайта пайдалануды ұлттық қолөнер дәстүрімен ұштастырған «Zero Waste» әлеуметтік жобасы аяқталды.

    Жоба «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылды. Оны «Инфо Орталық» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

    Жоба аясында сәндік-қолданбалы өнер бойынша облыстық көрме-байқау өтті. Оған өңірдің қалалары мен аудандарынан 57 шебер қатысып, қалдықтардан жасаған ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары мен сәндік заттарын ұсынды.

    Сондай-ақ 10 шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Оған қатысқан 121 адам мата, пластик, ағаш, сүйек, қағаз, картон және жүн қалдықтарынан тұрмыстық әрі сәндік бұйымдар жасауды үйренді.

    Жоба іс-шараларына барлығы 250-ден астам адам қатысты. Олар материалдарды қайта пайдалану тәсілдерімен танысты, ал ұлттық қолөнер шеберлері өзара тәжірибе алмасты.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары