Ақпараттық хабарлама

    Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы №171-VIII Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті 2028–2030 жылдарға арналған гранттық жобалардың бағыттарын қалыптастыру үшін үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам өкілдерінен ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.

    Ұсыныстар мынадай бағыттар бойынша қабылданады:

    • жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;
    • отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу.

    Ұсыныстар белгіленген нысан бойынша ұсынылып, байланыс деректерін міндетті түрде көрсете отырып [email protected] электрондық мекенжайына жолданады.
    Электрондық хаттың тақырыбында: «ҮЕҰ гранттық жобаларының бағыттары бойынша ұсыныс» деп көрсету қажет.

    Ұсыныстарды қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 30 қарашаға дейін.

    Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 74-13-02 телефонына хабарласуға болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары