11 қараша 2026 жылы Шырғанақ ауылдық округінің әкімі Р.Уәлиұлы Кеген ауданы әкімінің аппарат басшысы Қ.Бектеновтың 2026 жылғы 05 қарашадағы №05-10/749 санды хатын және Кеген ауданындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ведомствоаралық комиссия отырысынң хаттамасын таныстыру мақсатында Шырғанақ ауылдық округ әкімі аппаратының мамандарымен жиналыс өткізді. Жиын барысында:
1.Кірістер мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялау бойынша Қазақстан Республикасының заңнама талаптары түсіндірілді.
2.Декларация тапсыруға міндетті қызметкерлердің тізімі нақтылынып, олардың декларацияларды белгіленген мерзімде және толық көлемде тапсыру жөнінде тапсырма бас маман салық инспекторы Е.Әсімаханға берді.
3.Қызметкерлерге декларация тапсыру тәртібі, мерзімдері және декларация ұсынбаған немесе дұрыс мәлімет көрсетпегені үшін көзделген жауапкершілік туралы толық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
4.Кірістер мен мүліктер декларациялау кезінде ашықтық, адалдық, және заңдылық қағидаттарын қатаң сақталуына қатаң тапсырма берілді.
5.Қызмет барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оған қарсы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп отыру міндеттелді
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





