Успен ауданында «Қыз сұлулығы – мінезінде» облыстық сайысының аудандық кезеңі өтті

    17 қарашада Успен ауданында «Қыз сұлулығы – мінезінде» облыстық сайысының аудандық кезеңі өтті. Сайысқа аудан мектептерінің командалары қатысты.

    Қатысушылар шығармашылық өнер көрсетіп, ұлттық құндылықтарды құрмет тұтатынын, тәрбиелілігі мен талғампаздығын танытты. Әр мектеп өз шығармашылық бағдарламасын дайындады. Өнер көрсетуге қыздармен бірге олардың ата-аналары да қатысты.

    Сайыстың басты ерекшелігі – мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы болды. Ата-аналар конкурстық бағдарламаларды дайындауға көмектесіп, қатысушыларды қолдады, ал мектептер балалардың қабілеті мен дарынын көрсетуіне жағдай жасады.

    Сайыс қорытындысы бойынша орындар төмендегіше бөлінді:

    • I орын – М. Маметова атындағы жалпы білім беретін мектеп;
    • II орын – Павлов жалпы білім беретін мектебі және Шәкен Айманов атындағы жалпы білім беретін мектеп;
    • III орын – Новопокров негізгі мектебі.

    Қозыкеткен және Богатырь мектептері белсенді қатысқаны және шығармашылық өнер көрсеткені үшін сертификатпен марапатталды.

    Успен ауданының білім бөлімі қатысушыларды, педагогтер мен ата-аналарды құттықтап, балаларды қолдап, сайысты дайындауға атсалысқан отбасыларға алғыс айтады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы білім беру басқармасының "Успен ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары