КЕНТАУДА ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    КЕНТАУДА ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
    Кентау қаласында қала әкімдігі жанындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы өтті. Жиынды Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы жүргізді.
    Отырыс барысында нашақорлықтың алдын алу, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылды күшейту, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.
    Күн тәртібіне сәйкес, қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Е. Алғабай нашақорлықтың және есірткі бизнесінің алдын алу бағытында атқарған жұмыстары мен профилактикалық іс-шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар, Хантағы ауылының әкімі Ж. Қожахмет нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу бойынша 2026 жылы атқарылған жұмыстар және алдағы уақытта жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы баяндама жасады. Кентау қаласы бойынша нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы бағытталған профилактикалық іс-шаралар туралы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж. Жақаев баяндады.
    Жиын барысында жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту, мәдени және спорттық іс-шаралардың санын арттыру, сондай-ақ білім беру мекемелерінде жауапты мамандардың қатысуымен профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде өткізу қажеттігі туралы ұсыныс енгізілді.
    Жиын қорытындысы бойынша штаб төрағасының орынбасары Б. Әбенұлы тиісті мекеме басшыларына нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстарды күшейту, жастармен жүргізілетін алдын алу шараларын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Кентау қаласы әкімдігінің аппараты" жаңалықтары