Қазақстанда азамат зейнетке шыққаннан кейін жұмыс істей ала ма?
Иә, Қазақстан азаматы зейнетке шыққаннан кейін жұмысын жалғастыруға толық құқылы. Зейнетке шығу адамның жұмыстан шығуға немесе еңбек қызметін тоқтатуға міндетті екенін білдірмейді.
Зейнеткер:
• бұрынғы жұмыс орнында жұмысын жалғастыра алады;
• жаңа жұмысқа орналаса алады;
• еңбек шарты бойынша жұмыс істей алады;
• кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады;
• жалақы мен зейнетақыны бір мезгілде ала алады.
Яғни, зейнетақы алудың өзі жұмысқа орналасуға кедергі болып табылмайды.
ҚР Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес, жұмыс беруші қызметкермен зейнеткерлік жасқа толуына байланысты еңбек шартын бұзуға құқылы. Бірақ бұл міндетті түрде жұмыстан шығаруды білдірмейді: еңбек қатынастары тараптардың келісімі бойынша жалғастырылуы мүмкін.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









