Теміртауда 2026 жылғы жол жөндеу маусымы қорытындыланды

    2026 жылы қаладағы 17,2 шақырым жол орташа жөндеумен қамтылды. Сонымен қатар ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі - Металлургтер даңғылын күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.

    Қазіргі уақытта аулалар аумағын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Мердігер ұйым тіреу қабырғаларын салу, тротуарлардың негізін дайындау, инженерлік желілерді жөндеуден кейін жаяу жүргіншілер аймақтарын қалпына келтіру және шағын сәулет нысандарын орнату жұмыстарын аяқтауы тиіс. Жобаны толық аяқтау 2027 жылдың маусымына жоспарланған.

    Биыл орташа жөндеу жұмыстары 17,2 шақырым жолды қамтыды. Жұмыстар Республика даңғылында, Абай, Мир, Шиллер, Лебедев, Теміртау, Уалиханов, Крупская, Брусиловский көшелерінде және басқа да учаскелерде жүргізілді. Сонымен қатар Сарыарқа көшесінде ұзындығы 1,7 шақырым тротуар салынды.

    Жолдарды жаңарту жұмыстары келесі жылы да жалғасады. 2027 жылы Ватутин, Төлеубаев, Лисовенко, Озерная көшелерінде, Брусиловский көшесінің жекелеген учаскелерінде, сондай-ақ 8-шағын аудандағы жолда жөндеу жүргізу жоспарланған. Жөндеу көзделген учаскелердің жалпы ұзындығы — 6,6 шақырым. Бұл жұмыстар бұрын жасалған шарт аясында өтпелі нысан ретінде жүзеге асырылады.

    Инженерлік желілерді салу және қайта жаңарту қажеттілігіне байланысты ұзақ уақыт бойы жөндеуі кейінге қалдырылған көшелерге де ерекше назар аударылуда. Биыл Брусиловский көшесінде жөндеу жұмыстарына кірісу мүмкін болды. Ал 2027 жылы Озерная, Төлеубаев және Ватутин көшелеріндегі жұмыстарды жалғастыру жоспарланып отыр.

    Бұдан бөлек, келесі жылы жол жөндеу нысандарының санын арттыру мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу көзделген.

    Осылайша, жол жөндеу бағдарламасы негізгі магистральдармен қатар, жаңартуды қажет ететін өзге де көшелерді қамтиды. Жұмыстар жолдардың жағдайы мен тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып, кезең-кезеңімен жалғасады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары