«АЙТЫЛДЫ — ОРЫНДАЛДЫ» АУЛАЛЫҚ СПОРТ АЛАҢДАРЫН ЖАҢАРТУ

    1 / 7

    Шахтинск қаласында тұрғын үйлердің аулаларында орналасқан 5 футбол алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.

    • Абай Құнанбаев көшесі, 62;
    • Абай Құнанбаев көшесі, 70;
    • Абай Құнанбаев көшесі, 79;
    • Ленинградская көшесі, 65;
    • Ленинградская көшесі, 69.


    Барлық алаңдарда қоршаулар орнатылып, жасанды жабын төселді, футбол қақпалары мен сақиналары бар баскетбол қалқандары жабдықталды.
    Қазіргі уақытта жарықтандыру жүйесін орнату және қосу жұмыстары жүргізілуде.
    Жаңартылған алаңдар балалар мен жастардың спортпен шұғылданып, белсенді демалуына қолайлы жағдай жасайды.

    Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ" жаңалықтары