ЭЛЕКТРОНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР – ЖЫЛДАМ, ЫҢҒАЙЛЫ, ҚОЛЖЕТІМДІ!

    «Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ тұрғындарға 6 мемлекеттік қызметті электрондық форматта көрсетеді. Оның ішінде 5 қызмет – жер қатынастары саласында, 1 қызмет – әлеуметтік салада.

    Мемлекеттік қызметтерді онлайн алу – кезекте тұрмай-ақ, мемлекеттік мекемелерге артық бармай-ақ, қажетті мәселелеріңізді шешуге мүмкіндік береді.Неліктен бұл ыңғайлы?

    • Уақытты үнемдеу – кезекте тұрудың және қайта барудың қажеті жоқ.
    • Қашықтан өтініш беру – қызметтерді онлайн рәсімдеңіз
    • 24/7 қолжетімділік – өзіңізге ыңғайлы уақытта пайдалану мүмкіндігі
    • Ашықтық – өтініштің қаралу мәртебесін қадағалау мүмкіндігі.
    • Қағаз құжаттардың азаюы – цифрлық форматта өзара әрекеттесу.

    Электрондық мемлекеттік қызметтер азаматтардың мемлекеттік органдармен байланысын жеңілдетіп, қызмет алуды барынша ыңғайлы етеді.

    «Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ ғимаратында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған.

    Бұл бұрышта тұрғындар мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта өз бетінше ала алады немесе өтініш беру және қызметтерді рәсімдеу барысында қажетті кеңес пен практикалық көмек көрсететін әкімдік аппараты мамандарының көмегіне жүгіне алады.

    • Қолайлылық пен қолжетімділік
    • Электрондық форматта қызмет алу
    • Мамандардың көмегі мен кеңесі
    • Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру

    Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы әрбір тұрғын үшін мемлекеттік қызметтерді барынша қолжетімді, ыңғайлы әрі жайлы жағдайда алуға мүмкіндік береді.Цифрлық мүмкіндіктерді пайдаланыңыз – мемлекеттік қызметтерді онлайн алыңыз!

    «Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ" жаңалықтары