1 / 4
Үшқұдық ауылында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында тұрғын үйлерге өрт дабылы қондырғылары орнатылды.
Аталған шараның басты мақсаты – тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ тұрғын үй-жайларда орын алуы мүмкін өрт жағдайларын ерте анықтап, оның алдын алу.
Өрт дабылы қондырғылары түтін мен өрт белгілерін дер кезінде анықтап, тұрғындарға ескерту арқылы қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді.
Қауіпсіздік – әрбір отбасының амандығының кепілі! Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – баршамызға ортақ міндет.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








