1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Үшқұдық ауылында ардақты қарттарымызға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Үшқұдық ауылында ардақты қарттарымызға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.

    Мерекелік шара барысында ауылымыздың ақ жаулықты әжелері мен ақсақалдарына арнайы концерттік бағдарлама ұсынылып, ән мен жырдан шашу шашылды.

    Қарттарымызға арналып ақ дастархан жайылып, үлкендерімізге құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылды. Ақсақалдарымыз ақ батасын беріп, әжелеріміз жүрекжарды алғыстарын білдірді.

    Қарттар – елдің берекесі, отбасының ұйытқысы, кейінгі ұрпаққа өнеге мен тағылымның қайнар көзі. Олардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесі – біз үшін баға жетпес қазына.

    Құрметті ауылымыздың ардақты қариялары!
    Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз! Әрдайым ұрпақтарыңыздың қуанышын көріп, төріміздің сәні болып жүре беріңіздер!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары