Құрметті өнерсүйер қауым!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай 18 қараша күні сағат 15:00-де ата-бабадан мирас болып, ұлттың рухани өзегіне айналған асыл мұрамыз – термені дәріптеу, жергілікті ақындардың шығармаларын кеңінен насихаттау және дәстүрлі өнерді ұрпақ жадында жаңғырту мақсатында «СӨЗ МАРЖАНЫ – ТЕРМЕДЕ» атты республикалық термешілер байқауы өтеді.
Еліміздің әр өңірінен келген термешілер ғибратты өнегені әуенмен ұлықтап, көрермен жанына рухани азық сыйлайды.
Төл өнеріміз бен ұлт рухын асқақтататын жыр кешіне шақырамыз! Келіңіздер, көріңіздер!
Өтетін орны: Шымкент қалалық орыс драма театры.
Кіру – тегін.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









