Қарағанды облысында телемедицина жүйесі одан әрі жетілдірілуде. Ауылдық және шалғай елді мекендердің тұрғындары енді Қарағанды қаласына бармай-ақ, облыстық клиникалардың бейінді мамандарынан кеңес ала алады.
Алдағы уақытта телемедициналық желі 117 медициналық ұйымды — фельдшерлік-акушерлік пункттерден бастап дәрігерлік амбулаторияларға дейін қамтиды. Бұл өңірдегі 200 мыңнан астам тұрғынға мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Телемедицина науқастарға тұрғылықты жеріне жақын жерде білікті медициналық көмек алуға, мамандардың кеңесін күту уақытын қысқартуға және жол жүру мен тұруға кететін қосымша шығындарды азайтуға көмектеседі.
Жаңа формат алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету деңгейіндегі дәрігерлер үшін де тиімді құралға айналды. Күрделі клиникалық жағдайларды жүргізу кезінде олар облыстық деңгейдегі мамандардан жедел кеңес ала алады. Бұл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.




