Бүгін Халықаралық студенттер күні атап өтіледі

    Жыл сайын 17 қарашада әлемнің көптеген елінде Халықаралық студенттер күні атап өтіледі. Бұл күн студенттер қауымдастығының бірлігін, қолжетімді әрі сапалы білімнің, тең мүмкіндіктер мен жастар бастамаларын қолдаудың маңызын білдіреді.
    Студенттер қоғамның дамуына елеулі үлес қосады. Олар жаңа білім мен технологияларды меңгеріп қана қоймай, ғылыми зерттеулерге қатысады, тың идеялар ұсынып, тың шешімдер іздейді және өз елдерінің өркендеуіне атсалысады.
    Студенттік жылдар – тек мамандық игеру кезеңі ғана емес, сондай-ақ адамның өсіп, дамып, жаңа нәрселер үйреніп, өз мүмкіндіктерін танытатын қызықты кезеңі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Целиноград ауданының әкімдігі" жаңалықтары