«Хабар» телеарнасында «Даму формуласы» атты жаңа қоғамдық-саяси ток-шоу басталады

    Бүгіннен бастап «Хабар» телеарнасында «Даму формуласы» атты жаңа қоғамдық-саяси ток-шоу эфирге шығады. Жоба аясында Мемлекет басшысының бастамалары, ел дамуының стратегиялық бағыттары және Президент Жолдауында айқындалған негізгі басымдықтар кеңінен талқыланады.

    Бағдарламаның мақсаты – қоғам үшін маңызды мәселелерді ашық талқылап, сарапшылардың талдауы мен қоғам өкілдерінің пікіріне сүйене отырып, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру.

    Бағдарламада мемлекеттік бастамалар таныстырылып қана қоймай, олардың мән-мазмұны, іске асыру тетіктері мен нақты нәтижелері жан-жақты сараланады. Елді дамытуға қатысты қоғам өкілдерінің пікірлері мен ұсыныстарына ерекше назар аударылады.

    Алғашқы шығарылым кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, тұрғындарды қажетті әлеуметтік инфрақұрылыммен қамту мәселелеріне арналды. Сондай-ақ «Халықтық құрылыс» жобасының маңызы мен оны жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

    Бағдарламаға Құрылтай депутаттары Ерлан Саир, Айдос Сарым және қоғам қайраткері Самат Нұртаза қатысты. Олар елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың маңызын, экономикалық өсімге ықпал ететін бастамаларды және олардың халықтың өмір сапасына әсерін саралады.

    «Даму формуласы» жобасының жүргізушісі – журналист Мейрамгүл Мәдәлі. Бағдарлама «Хабар» телеарнасынан дүйсенбі күндері сағат 23:00-де, сәрсенбі күндері сағат 14:00-де эфирге шығады.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары