АСЫРАУШЫСЫНАН АЙЫРЫЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖӘРДЕМАҚЫ

    Қазақстанда асыраушысынан айырылған отбасыларға әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған.

    Жәрдемақы алу құқығы қайтыс болған асыраушының асырауында болған еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелеріне, оның ішінде 18 жасқа дейінгі балаларға, ал күндізгі оқу нысанында білім алған жағдайда 23 жасқа дейінгі балаларға беріледі.

    Қалай рәсімдеуге болады?

    Жәрдемақы тағайындау үшін eGov.kz порталы немесе ХҚКО арқылы өтініш беруге болады.

    Өтініш беру кезінде жеке басын, асыраушының қайтыс болғанын және туыстық қатынасты растайтын құжаттар қажет (егер мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаса).

    Құқық болған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлем де тағайындалуы мүмкін.

    Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары