🛡️ Алаяқтыққа қарсы күрес – ортақ қауіпсіздігіміз! Ұжымымызда алаяқтықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 👥 Қызметкерлерге алаяқтықтың негізгі түрлері түсіндіріліп, сақтық шаралары мен алаяқтардан қорғану жолдары туралы ақпарат берілді. 📱 Әсіресе, телефон қоңыраулары, күмәнді хабарламалар және интернет желісіндегі қауіп-қатерлерге қатысты сақ болу қажеттігіне назар аударылды. ⚠️ Естеріңізде болсын: қауіпсіздік – өз сақтығыңыздан басталады! Бейтаныс адамдарға сенбеңіз, жеке деректеріңізді жария етпеңіз және әрдайым қырағы болыңыз! #ЗАҢМЕНТӘРТІП #Қауіпсіздік #АлаяқтыққаҚарсыКүрес #ҚаржылықСауаттылық #АлаяқтарданСақБолайық
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






