Ақтөбеде «Дала дәмі» жәрмеңкесінде 8,5 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі сатылды

    1 / 3

    Ақтөбеде тұрғындарды сапалы азық-түлікпен қолжетімді бағамен қамтамасыз ету және отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында «Дала дәмі» республикалық тұжырымдамасы аясындағы жәрмеңкелер жалғасуда.

    Кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі «Табыс» коммуналдық базарында өтті. Онда Алға, Хромтау және Темір аудандарының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.

    Жалпы жәрмеңкеде 3,8 тонна ет, 1,4 тоннадан астам сүт өнімі және 3,3 тонна көкөніс сатылды. Өнімдер нарықтағы бағадан 15–20 пайызға төмен бағада саудаланды.

    Сонымен қатар келушілерге ет, сүт және көкөніс өнімдерімен қатар «Ауыл аманаты» жобасы аясында өндірілген тауарлар да ұсынылды.

    «Дала дәмі» тұжырымдамасы аясындағы жәрмеңкелер 2026 жылдың соңына дейін Ақтөбеде әр сенбі сайын өткізіледі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысы Алға ауданы Тамды ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары