ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫНДА ЖОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    1 / 2

    ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫНДА ЖОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    2026 жылғы 12 қараша күні Қаражал қаласының әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған кездесу өтті.

    Жиынға мекеме басшылары қатысып, Республикалық ақпараттық топтың мүшесі, заң ғылымдарының магистрі Руслан Алтайұлы Тоқатов спикер ретінде сөз сөйледі.

    Кездесу барысында Президент Жолдауында белгіленген басым бағыттар, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және алдағы кезеңге арналған міндеттер кеңінен түсіндірілді.

    Сонымен қатар қатысушыларға Жолдауда көтерілген өзекті мәселелер бойынша ақпарат беріліп, пікір алмасу мүмкіндігі ұсынылды.

    Мұндай кездесулер Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық міндеттердің мазмұнын терең түсінуге және оларды жергілікті деңгейде жүзеге асырудың маңызын арттыруға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қаражал қаласының әкімдігі" жаңалықтары