Объявление о проведении конкурса

    1 / 5

    КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

    «Алматы облысы Ұйғыр ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму»

    «Ұйғыр ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ұйғыр ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі – ҚТҚ) әкету қызметтерін көрсетушіні айқындау жөнінде конкурс өткізілетінін хабарлайды.

    Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

    Әлеуетті өнім берушіде қажетті материалдық және еңбек ресурстары болуы тиіс, атап айтқанда:

    кемінде 2 бірлік арнайы техника (қоқыс таситын автокөлік);

    ҚТҚ жинау және тасымалдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін білікті басқарушы, техникалық және қызмет көрсетуші персонал;

    әрбір арнайы техникаға (қоқыс таситын автокөлікке) кемінде 1 (бір) жүргізуші;

    әрбір автокөлікке кемінде 1 (бір) коммуналдық қалдықтарды тазалау жөніндегі жұмысшы.

    2. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар растайтын құжаттары қоса берілген жазбаша өтінімді «Ұйғыр ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынуы қажет.

    3. Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 5 қарашадан 10 қарашаны қоса алғандағы кезең.

    4. Анықтама алу үшін телефон: 8 (747) 292-15-52.

    САТЫП АЛЫНАТЫН ТАУАРЛАРДЫҢ (ЖҰМЫСТАРДЫҢ, ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ) ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

    «Алматы облысы Ұйғыр ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму»

    1. Жалпы ережелер

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші (бұдан әрі – Орындаушы) Алматы облысы Ұйғыр ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі – ҚТҚ) жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму жөніндегі қызметтерді орындау үшін барлық қажетті материалдық және еңбек ресурстарына ие болуы тиіс.

    Орындалатын жұмыстар Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экологиялық кодексінің, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен бекітілген «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының, сондай-ақ Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 21 шілдедегі № 22-112 шешімімен бекітілген Алматы облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

    2. Негізгі жұмыстардың тізбесі

    Алматы облысы Ұйғыр ауданы бойынша ҚТҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму қызметтерін көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтері мен стандарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

    2.1. Орындаушы қызмет көрсету барысында міндетті:

    Аббаттандырылған сектордағы қоқыс алаңдарына ҚТҚ жинауға арналған көлемі кемінде 1 м³ контейнерлерді, ал жеке тұрғын үй секторында көлемі кемінде 0,5 м³ контейнерлерді орналастыруға міндетті.

    Әрбір алаңға орнатылатын контейнерлердің саны бекітілген ҚТҚ жинақталу және түзілу нормаларына сәйкес есептелген күнделікті түзілетін ҚТҚ көлеміне сай болуы тиіс.

    Әрбір контейнерлік алаңнан ҚТҚ-ның тұрақты әкетілуін, сондай-ақ тапсырыс беруші санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес бекіткен кесте бойынша аулалардан ҚТҚ жинау және әкету жұмыстарын қамтамасыз ету қажет.

    Әрбір контейнерлік алаңда ҚТҚ-ны әкету туралы ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылуы тиіс.

    ҚТҚ әкетудің маршруттық кестесін Орындаушы әзірлейді және мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей Тапсырыс беруші бекітеді.

    Тапсырыс берушіден немесе «iKomek-109» қызметінің операторларынан хабарлама түскен жағдайда, егер контейнерлік алаң жоспарланған әкету мерзіміне дейін толып кетсе, Өнім беруші көрсетілген алаңнан қалдықтарды дереу әкетуді қамтамасыз етуге міндетті.

    2.2. Орындаушы міндетті:

    Біліктілік талаптарында көрсетілген қажетті материалдық және еңбек ресурстарына, атап айтқанда ҚТҚ жинау және тасымалдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін білікті басқарушы, техникалық және қызмет көрсетуші персоналға ие болуға міндетті. Оның ішінде кемінде 2 бірлік арнайы техника (қоқыс таситын автокөлік), әрбір арнайы техникаға кемінде 1 (бір) жүргізуші және әрбір автокөлікке кемінде 1 (бір) коммуналдық қалдықтарды тазалау жөніндегі жұмысшы болуы тиіс. Арнайы техниканы орналастыру үшін меншігінде немесе жалға алынған жылытылатын бокстар (гараждар) болуы қажет. Кейіннен өндірістік қажеттілікке қарай штат кестесі ұлғаю жағына өзгертілуі мүмкін. Бұл ретте материалдық ресурстардың бір мезгілде 30%-дан астамы істен шыққан және еңбек ресурстарының 30%-дан астамы болмаған жағдайда, Орындаушы оларды уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуге міндетті.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен бекітілген «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарын сақтауға;

    Жұмысшыларды қолданыстағы нормаларға сәйкес арнайы киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге, персоналмен күн сайын еңбекті қорғау жөнінде нұсқама жүргізуге, сондай-ақ белгіленген талаптарға сәйкес рейс алдындағы медициналық және техникалық тексерулерден өткізуді қамтамасыз етуге;

    Жұмыстарды орындау орнын өрт қауіпсіздігі және санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың белгіленген талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге;

    ҚТҚ әкетудің арнайы техниканың қозғалыс сызбасы көрсетілген маршруттық кестелерін әзірлеуге және өзгерген жағдайларға сәйкес оларға түзетулер енгізуге;

    ҚТҚ-ны әрбір тиеу және әкету кезінде контейнерлерден төгілген қоқыстардан қоқыс алаңының өзін, сондай-ақ оған іргелес аумақты тазалауды қамтамасыз етуге;

    Шарттың қолданылу мерзімі ішінде жарамсыз немесе одан әрі пайдалануға келмейтін қоқыс контейнерлерін жөндеуді және ауыстыруды, сондай-ақ жергілікті атқарушы орган пайдалануға беретін барлық жаңа контейнерлік алаңдарға жаңа қоқыс контейнерлерін орнатуды қамтамасыз етуге;

    Әлеуметтік желілерде парақша ашуға және оны тұрақты түрде жүргізуге, күнделікті атқарылған жұмыстар туралы есептерді, халықтың шағымдарын тудырған себептерді жою нәтижелерін жариялап отыруға міндетті.

    Көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу жеке тұлғалар тарапынан көрсетілетін қызметтердің түрлеріне (ҚТҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму) қарай, жергілікті өкілді органдар бекіткен тарифтерге сәйкес жария шарт негізінде сараланған тәртіппен жүзеге асырылады.

    Жария шартты Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларында белгіленген үлгілік нысанға сәйкес әзірлеп, бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жариялауы тиіс.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұйғыр ауданының әкімдігі" жаңалықтары