БҚО-да полицейлер 220 келіден астам марихуана тәркіледі

    1 / 2

    БҚО Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты екі деректі анықтады.
    Есірткінің ірі партиялары Орал қаласында полицейлер жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталды.
    Оқиғаның бірінде жедел уәкілдер бұрын сотталған 34 жастағы қала тұрғынын ұстады. Оның үйінің ауласынан екі үлкен қорап табылған. Оларды тексеру барысында полицейлер өсімдік тектес зат салынған 12 полиэтилен қапты анықтады.
    Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шықты. Оның жалпы салмағы 198 келі 16 грамды құрады.
    Есірткінің тағы бір ірі партиясы Орал қаласының 45 жастағы тұрғынының пәтерінен табылды. Тінту барысында полицейлер 23 келі кептірілген марихуананы тәркіледі.
    Осылайша, анықталған екі дерек бойынша заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді.
    Аталған екі факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ есірткі заттарының жеткізілуі мен таралуының ықтимал арналарын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде.
    Өңір аумағында есірткінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары