Алакөл ауданында асыл тұқымды дорпер қойын өсіру жобасы жүзеге асуда
Жетісу облысы, Алакөл ауданына қарасты Қабанбай ауылдық округінің Жамбыл ауылында мал шаруашылығын дамытуға бағытталған маңызды жоба қолға алынған.
Шаруашылықтың негізгі бағыты – мал тұқымын асылдандыру. Бүгінде қожалықта 600 бас ірі қара мен 1 258 бас қой өсірілуде.
Жақында шаруашылыққа Австриядан әуе көлігі арқылы 1 000 бас асыл тұқымды дорпер қойы мен 20 қошқар жеткізілді. Алдағы уақытта асыл тұқымды мал басын 5 мыңға дейін көбейту жоспарланып отыр.
Жаңа жоба өңірдегі қой шаруашылығының әлеуетін арттырып, мал тұқымын асылдандыруға және ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









