Осы тақырыпта өткен сессияда ауыл тұрғындары, әртүрлі салалардың қызметкерлері қатысты.
Аудандық әйелдер ісі, отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия (бұдан әрі-Комиссия) құрамында Аналар кеңесінің мүшелері бар және осы Комиссиямен бірлесіп жұмыс атқарады. Жұмысының негізгі бағыты – елімізде жүргізіліп жатқан отбасы-демографиялық саясатқа қолдау көрсету, отбасы институтын сақтап-нығайтуға ықпал ету, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға үлес қосу және өскелең ұрпақты тәрбиелеу.
Аналар кеңесі әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелерін шешуге, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғыртуға атсалысып келеді.
Комиссиямен бірлесіп түрлі іс-шаралар арқылы берекелі отбасыларды насихаттайды. Елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларды түсіндіру жұмыстары өз алдына бір төбе.
Аналар кеңесі қайырымдылық шараларына қатысады. Алғыс айту күні және «Наурызама» онкүндігін мерекелеу аясында қайырымдылық акциясын, ұлттық өнер және спорт түрлерінен ойындар, т.б. өткізді.
Қоғамдағы түрлі атаулы күндерді назардан тыс қалдырмайды, есірткі заттары, алкоголь тұтыну, т.б. зиянкестіктерден жастарды аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын іс-шаралар өткізуге қатысады.
Комиссия өткізетін жиындарда қазіргі қоғамдағы отбасы мәселелері қозғалып, көп балалы ата-аналардың әл-ауқаты, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігі және т.б. туралы айтылып, психологтың кеңесін тыңдайды.
Түрлі кездесулерде аналар өздерінің отбасы тәжірибелері, ұлттық салт-дәстүрді қазіргі заманға сәйкес қолдану, өзінің кәсіптері, бизнес пен қоғамдық қызметті ұштастыру тәсілдері, т.б. туралы айтып, жастарды қиындыққа жасымауға, алға ұмтылуға шақырады.
Комиссия құрамында денсаулық сақтау, білім беру, полиция және басқа да түрлі сала мамандары бар, қызметі барлық саланы қамтиды: білім беру, денсаулық сақтау, құқықтық тәрбие, т.б. Кез келген адам көмек алу үшін кеңеске жүгіне алады. Аналар кеңесі осы Комиссияың құрамдас бөлігі және тығыз байланыста бірлесе отырып жұмыс атқарады.
Комиссияның да, Аналар кеңесінің де қоғамға берері мол!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






