1 / 7
Қайнар ауылында су желілерінде ақау пайда болған тұрғын үйлердің аумақтарында жер қазу және жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстарға «Алтын Алмас» компаниясы демеушілік қолдау көрсетіп, арнайы жер қазатын экскаватор техникасын бөлді. Соның нәтижесінде су құбырларындағы ақауларды жою жұмыстары жедел атқарылды.
Өз кезегінде ауыл тұрғындары көрсетілген қолдау мен демеушілік көмегі үшін компания басшылығына алғыстарын білдіруде.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





