Шымкентте қылмыстық топтың заңсыз әрекеті әшкереленді

    Шымкентте қала тұрғынынан күш қолдану қаупін төндіру арқылы ақша бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

    Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілердің бірі жазасын түзеу мекемесінде өтеп жүріп, бостандықтағы сыбайласы арқылы жәбірленушіден 1 миллион теңгеге жуық ақша талап еткен.

    Шымкент қаласы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен Тараз қаласындағы түзеу мекемесінде тінту жүргізді. Нәтижесінде күдіктіден айғақты заттар тәркіленді. Ал оның сыбайласы Шымкент қаласында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Сонымен қатар тергеу барысында күдіктінің банк шотына 200 мың теңгеге жуық қаражат аударылғаны анықталды.

    Қазіргі уақытта аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары